11.10.2017 № 518 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес
Балабақшаға түсу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарамды);
- ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- баланың тууын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықта қарастырылған нысан бойынша баланың денсаулық паспорты;
- баланың денсаулығы туралы анықтама;
- психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін).
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.
Құрметті ата-аналар біздің балабақшада балалар үшін келесі бағыттар бойынша ақылы қызметтер көрсетіледі:

Хореография

Бейнелеу өнері

Ағылшын тілі